Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының 20,90 га жері ерекше қорғалатын аумақтан шығарылуы мүмкін. Ол жерлерге жергілікті тұрғындарды селден қорғау мақсатында бөгет салынады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады

Қаулыда ұлттық парк территориясында орналасқан Ақсай өзені бассейні сел қаупі жоғары аумақ екені жазылған. Ал оған жақын жерде 30 мыңнан астам тұрғын қоныстанған.

«Ақсай өзенінің бассейнінде сел қаупі жоғары 18 учаске, 25 мұздық, 16 мореналық көл (олардың 5-еуі аса қауіпті) орналасқан. Олар 30 мыңнан астам адамның өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан Алматы қаласы мен Алматы облысының халқын селден қорғау мақсатында 20,90 га жер ерекше қорғау аумағынан шығарылып, қосалқы жерлер санатына енгізілсін. Ол жерге бөгетсалынады», делінген құжатта.

Ерекше қорғалатын территориядан шығарылатын аумақтардың басым бөлігі жайылымдық жерлер мен ормансыз алқаптар.

Қаулы 13 шілдеге дейін талқылауға шығарылды.